Состоялась встреча митрополита Александра с министром культуры и спорта Республики Казахстан А.Р. Ораловым
Город Рудный встретил мощи блаженной Матроны Московской. Литургию в Иоанно-Богословском соборе возглавил митрополит Астанайский и Казахстанский Александр
Социальный отдел Алма-Атинской епархии продолжает сбор средств для пострадавших от паводков
Епископ Павлодарский и Экибастузский Варнава принял участие в торжествах по случаю 20-летия канонизации праведного Феодора Ушакова и 30-летия образования Саранской епархии
Митрополит Александр Жетісу облысының әкімі Б.Ө. Исабаевпен кездесті

2023 жылғы 26 шілде. Талдықорған. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Жетісу облысының әкімі Б.Ө. Исабаевпен кездесті.баевым.

Кездесуге қатысқандар: Астана епархиясының викариі Талдықорған епископы Клавдиан, Митрополиттік округі Басшысының хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Қ. Башбаев.
Облыс әкімі митрополит Александрға іссапары үшін алғыс білдіріп, Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына өңірдің рухани өміріне қамқорлық жасап, Талдықорғанға ұлы православие жәдігерін – Ең қасиетті Құдай Анасының Белдігінің бір бөлігі бар қобдишаны әкелгені үшін ризашылығын білдірді.
Бейбіт Өксікбайұлы владыкаға облыстың тыныс-тіршілігі мен ел Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 8 маусымдағы жарлығымен құрылған Республиканың ең жас облыстары бірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Әкім архипастарды Алакөл көлінің жағасында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру лагерінің ашылғаны туралы хабардар етті, мұнда демалушылардың жеке, әлеуметтік және шығармашылық дамуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Митрополит Александр мен Б.Ө. Исабаев Талдықорған қаласында Ең қасиетті Құдай Анасының туған күні құрметіне салынып жатқан кафедралық собор мен рухани-ағарту орталығының құрылысын талқылады. Әңгімелесу барысында білім ошағы құрылысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі балалар мен жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес келетіні атап өтілді.
Кездесу соңында архипастыр Бейбіт Өксікбайұлына облыс басшысы лауазымындағы жауапты қызметте табыс тілеп, әкімдік пен Талдықорған викариатствосы арасындағы жақсы қарым-қатынастың жалғасатынына сенім білдірді.
Кездесуге қатысқандар бір-біріне ізгі тілектерін айтып, естелік сыйлықтармен алмасты.