В Великий четверг Страстной Седмицы митрополит Александр совершил чин омовения ног
В день памяти преподобного Сергия Радонежского митрополит Александр совершил Литургию в Представительстве Православной Церкви Казахстана в Москве
Паломническая делегация Митрополичьего округа побывала в Ксанфийской митрополии
На Владимирском приходе станции Чемолган пройдет лекция профессора Т.В. Иссык
Рождестволық жолдауы Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдың

Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы КИРИЛЛДЫҢ архипастерлерге, пастырларға, диакондарға, монах қызметіндегілерге және Орыс Православие шіркеуінің барлық адал балаларына Рождестволық Жолдауы

Жаратқан Иеміздің сүйікті архипастырлары, аса құрметті
пресвитерлер мен диакондар, тақуа иноктар мен инокинялар, қымбатты бауырлар мен қарындастар!

Құдайдың шексіз сүйіспеншілігі бізді рух бірлігі мен бейбітшілік одағында (Еф. 4, 3) шіркеудің ең салтанатты және сонымен бірге жұмбақ мерекелерінің бірі-Иеміз Иса Мәсіхтің дүниеге келген күні Рождество мерекесін қарсы алу үшін жинады. Менің қымбаттыларым, құтқарушы әлеміне келуді дәріптей отырып, баршаңызды Құдай мен адамдар арасындағы қарым-қатынаста жаңа дәуірді ашқан осы қуанышты оқиғамен шын жүректен құттықтаймын.

Екі мыңжылдық бұрын болған оқиғаларға көз жүгіртсек, біз Құдайдың бейнесі кереметінің ұлылығын түсінуге тырысамыз және Жаратушымыздың жақсылығы мен рақымына таң қалуды тоқтатпаймыз. Көптеген ғасырлар бойы адамзат Иеміз уәде еткен Татуластырушыны тағаттана күтті (Быт. 49, 10): Атына халық сенім артқан (Ис. 42, 4) Әділ және құтқарушы патша (Зах. 9, 9). Сонымен уақыты толығымен жеткен кезде, Нәресте дүниеге келді (Ис. 9, 6) оған сенетін әрбір адам өлмей, мәңгілік өмірге ие болуы үшін келді (Ин. 3, 16). Құдайдың сүйіспеншілігі ақылдан да биік (Еф. 3, 19), ол әлемге адамдар ойлағандай, растаушыны немесе періштені, күшті және мықты билеушіні жібермеді- адамды күнә мен зұлымдықтың билігінен босату үшін Құдайдың өзі келді.
Ескі өсиет пайғамбарлары жариялаған және ежелгі дәуірдің көрнекті ойшылдары да алдын-ала айтқан тарихтағы ең үлкен оқиғаның соншалықты қарапайым және сыртқа білінбей өткені таңқаларлық. Вифлеем ұйқыда. Иерусалим ұйқыда. Бүкіл Иудея ұйқыда болды. Құдіретті Құдай-Патшалардың Патшасы және Әлемнің Иесі - әлемге керней дауысының салтанатты сүйемелімен және жалпы әлемнің мерекелеуімен келмеді (Пс. 150, 3), қарапайым және кішіпейіл түрде, жұпыны үңгір ішінде, түнгі тыныштықта, періштелер жырлаған әуенмен мен не болғанын көруге келген бірнеше шопандар ортасында келді (Лк. 2, 15).

Жер әлеміне сапарының басында Құдай «қорлау шегінде ізгілік бейнесін көрсеткісі келеді», - деп ойлайды Әулие Иоанн Златоуст. Тек өзінің пайдасын ойламайтын, (1 Кор. 13, 4-5), өзін көрсеткісі келмейтін және құрмет пен даңқты қажет етпейтін, бірақ жақынының пайдасы үшін барын беруге және барлық қайғыға төзуге дайын мінсіз махаббат қана осылай асыл әрекет етеді. өз сөзін «Тек осы себептен - деп жалғастырады әлемдік шіркеу мұғалімі, - Құдай менің денемді оның айтқан сөздерін тәніме сыйғызу үшін қабылдады, ал қабылдағаннан кейін маған өмір қазынасын беру және қабылдау арқылы рухын да береді» (Мәсіхтің Рождествосына арналған сөз). Құдайдың шексіз сүйіспеншілігі осылайша ашылды, Біз Құдайдың өзінің шынайы өмірлік қазынасын алдық- ол өзінен бастау алып, бәріне таратылады және өзіне қайтарылады (Рим. 11, 36).
Махаббат-Құдайдың әрекет етуінің нақты себебі және қозғаушы күші. Ол әлемді туындатып, адамды жаратты, оған жомарттықпен өз сыйын тарту етті. Адамдардың Жаратушысымен байланысы үзіле бастаған кезде махабатымен құтқаруға келді. Жаратушының мақсаты бойынша адам өмірінің барлық мәні-біздің де бір-бірімізді жақсы көріп өмір сүруіміз болып табылады. (Ин. 14, 34). Бірақ зұлымдық пен жеккөрушілік көп әлемде бұған қалай жетуге болады? Ол үшін ең алдымен жүрегіңді Құдайға ашып бар махабатыңды беруің керек. Тек махаббат қана оны өзгертіп молайта алады, сондықтан бір қарағанда соншалықты әлсіз және шектеулері бар сезім, жақынды да, алысты да, қайырымдылық жасаушыларды да, бізді ренжіткендерді де –Мәсіхтің өсиеті бойынша біз сүюге шақырылғандардың барлығын да Көктегі Әкемізге еліктеп қабылдай алады. (Мф. 5, 48).

Жаңа дүние есігін ашқан Құдай сәбиге дұға етуде, ойланайық, біз Әлем Иесіне қандай сыйлық ұсына аламыз? Жалпы мейірімі шексіз Жаратушы ұлылығына лайықты және тең келер дүние болуы мүмкін бе? Ия, Құдайымыз ең қатты қалайтын осындай құнды сыйлық бар: ол біздің кішіпейіл, сүйіспеншілікке толы және мейірімді жүрегіміз. Әлемімізге келген Мәсіхті әдемі әндермен және құттықтау хабарламалармен ғана емес, ең алдымен игі істермен мадақтайық. Рождестволық жарқын қуаныштарымызбен мұқтаж жандармен бөлісейік, жақындарымызға қамқорлық жасайық, науқастар мен қайғы-қасіретке душар болғандардың көңілін аулайық. Көңіл-күйлері жоқ жандарды жұбатып басу айтайық, шатасып жүргендерді дұғамен қолдап дұрыс жолға салайық.

Махаббаттың ұлы құтқарушы күші немқұрайлылық пен зұлымдыққа, жеккөрушілік пен ренішке ем бола алады. Ол қатыгездік жолын мейірлендіреді және қоғамдық арақатынастың көптеген қисық тұстарын түзетеді!

Егер біз осылай әрекет етсек, шынымен де жоғары христиандық борышымызды орындаймыз, себебі, осы арқылы біз әулие Исаак Сириннің айтуы бойынша, Құдай тәріздес бола аламыз. (Аскеттік сөздер. 48).

Құдайды бейнелеу құпиясы-Құдайдың әлемде шынайы болу құпиясы. Апостол және евангелист Иоанн, келер ғасырдың өмірін көре отырып, Құдайдың адамдармен толыққанды бірге екеніне куәлік етеді: «Ол адамдармен бірге өмір сүреді; олар оның халқы болады, ал Құдайдың өзі олармен бірге өмір сүре отырып Құдай болады» (Откр. 21, 3). Алайда, Құдайдың қатысуының бұл айтылмаған құпиясы жер бетінде жүзеге асырыла бастады, өйткені Құтқарушының келуімен уақыты жетіп, аспан Патшалығы жақындады. (Мк. 1, 15). Менің қымбаттыларым, біз бұл шынайылыққа Жоғары Махаббат патшалығының елшілері мен өкілдері бола отырып Мәсіхтің біртұтас қасиетті шіркеуін құру арқылы айтарлықтай еніп келеміз. «Құдай бізбен» таңғажайып және терең тәжірибесі шіркеудің жұмбақ, құпия өмірінің мәнін құрайды.

Егер Әлем ұстаушысы - Альфа мен Омега, басы мен соңы, бірінші және соңғының (Откр. 22, 13) өзі – адамзат тарихын өз құшағына алып, ғасырдың соңына дейін барлық күндері бізбен бірге болуға уәде бергенде, (Мт. 28, 20) бізге қазіргі уақыттағы мазасыз жағдайлардан қорқудың және уайымдаудың қажеті жоқ екенін есте сақтайық. Құтқарушының ұлы махаббатына жауап бере отырып, өзімізді толықтай Құдайымызға аманат етіп, оның игі істеріне сенуді үйренейік, сондықтан Мәсіхтің екінші даңқты келуіне дейін, тіпті соңғы жерге дейін (Ис. 8, 9) батылдықпен және қуанышпен куәлік етейік, Құдай бізбен бірге екені анық!

+ Кирилл, МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РЕСЕЙ ПАТРИАРХЫ

Мәсіх Рождествосы
2023 / 2024 ж.
Мәскеу