В Алма-Ате состоялось первое в 2026 году заседание Синода Православной Церкви Казахстана
Посол Российской Федерации в Казахстане посетил Свято-Троицкий мужской монастырь города Усть-Каменогорска
Епископ Каскеленский Геннадий принял участие в Международной конференции «Дискурсы и практики традиции»
В Алма-Ате молитвенно почтили память мученицы Агафии Панормской
Митрополиттік округ Басшысы Боралдай ауылындағы Иверский ғибадатханасында Литургия өткізді

2023 жылғы 29 шілде – қасиетті азап шегуші епископ Афиногенді және оның он шәкіртін еске алу күні; IV Ғалам Соборының әулие әкейлерінің құрметіне арналған мереке.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы облысының Боралдай ауылында Құдай Анасының Иверский иконасының ғибадатханасында Құдайлық Литургия өткізді.
Құлшылық басталар алдында Митрополиттік округінің Басшысы Мәскеу, Санкт-Петербург және Тобольск қалаларының икона шеберлері жасаған Иверский шіркеуінің сиясы кеппеген қабырға суреттерін киелендірді. Ғибадатхананың боялған қабырғалары мен күмбезінің ауданы 1200 м2 құрайды.
Қазақстан Православие Шіркеуінің алдатұрарымен бірге құлшылық еткендер: Алматы ғибадатханаларының тәртіп қараушысы, Никольский соборының қауымбасы протоиерей Валерий Захаров; Іле шіркеулік округінің тәртіп қараушысы протоиерей Александр Зырянов; Боралдай ауылындағы Иверский ғибадатханасының қауымбасы игумен Филарет (Петроченко); Чапаево ауылындағы Серафимовский шіркеуінің алдатұрары иерей Александр Агеев; протоиерей Павел Крауз; митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Оңтүстік астананың Покровский ғибадатханасының клиригі иерей Владимир Шишлов; Митрополит округі басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Митрополиттік округі Басшысы хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; иеродиаконы Афанасий (Козел) және Зинон (Маров).
Литургия әндерін К. Быковтың жетекшілігімен Алматы епархиясының ерлер хоры орындады.
Құдайға құлшылық кезінде Боралдай ауылы мен ауыл маңындағы елді мекендердің тұрғындары дұға жасады.
Күнәдан арылту өлеңінен кейінгі уағызды діни қызметкер Георгий Сидоров айтты.
Литургия соңында митрополит Александр дін қызметкерлері мен сенушілерді IV Ғалам Соборының әулие әкейлерін еске алу мерекесімен құттықтап, уағыз айтты.
Архипастыр дұға еткендерге қасиетті су бүркіді.
Салтанатты рәсімнен кейін Митрополит округінің Басшысы қауымбасымен бірге Иверский ғибадатханасының құрылыс аумағын аралап, шомылдыру рәсімінен өткізетін шіркеудің қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.