Глава Митрополичьего округа провел рабочее совещание с епископом Игнатием и посетил Михаило-Архангельский храм Актюбинска
В канун Крестопоклонной недели митрополит Александр совершил всенощное бдение с выносом Креста в Вознесенском соборе Алма-Аты
В предпразднство Преображения Господня митрополит Александр совершил Литургию в Представительстве Казахстанского Митрополичьего округа в Москве
Митрополит Астанайский и Казахстанский Александр совершил Литургию в базилике святителя Амвросия Медиоланского в Милане
Алматы рухани семинариясының жаңа ғимаратында педагогикалық кеңестің отырысы өтті

2023 жылғы 14 наурыз. Алматы. Алматы православиелік рухани семинариясының жаңа ғимаратында педагогикалық кеңестің отырысы өтті.

Жиналыстың жұмысын рухани мектептің ректорының міндетін атқарушы, протоиерей Евгений Иванов басқарды.
Жиынға қатысқандар: Алматы ғибадатханаларының тәртіп қараушысы, Никольский соборының қауымбасы протоиерей Валерий Захаров; Қазақстан Митрополит округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов; Христос Рождество соборының кілтшісі протоиерей Александр Гайченя, Шамалған стансасындағы Владимир ғибадатханасының алдатұрары протоиерей Сергей Казимиров, Алматы қаласындағы Петропавл ғибадатханасының кілтшісі протоиерей Кирилл Шкляр, тәрбие ісі жөніндегі проректор иерей Иоанн Ливинский, оқу ісі жөніндегі проректоры иерей Петр Бахтияров, Алматы рухани семинариясының инспекторы иерей Евгений Бессонов, митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), рухани мектеп кеңсесінің меңгерушісі иерей Александр Шишлов, АПРС сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі иерей Даниил Бобылев, ректордың ғылыми жұмыстар жөніндегі көмекшісі А.П. Соловьев, Митрополит округі мәдениет бөлімінің басшысы, АПРС регенттік бөлімінің меңгерушісі Л.Е. Горичева, семинария корпорациясының оқытушы мүшелері.
Жиын басында Евгений әкей алғысөзін айтып, жиналғандарды жаңа ғимаратқа көшулерімен құттықтап, күн тәртібін жариялады.
Одан кейін оқу ісі жөніндегі проректор иерей Петр Бахтияров қорытынды жазғы сессия мен бітіру жұмыстарын қорғау мерзімін жариялады, сонымен қатар салтанатты түрде бітірушілерді тапсыру күнін белгіледі.
Одан әрі рухани семинарияның тәрбие ісі жөніндегі проректоры иерей Иоанн Ливинский баяндама жасап, екінші жартыжылдықтағы тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттарын хабарлады. Студенттердің дәріске қатысуын бақылауға ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды.
Бұдан кейін жиналғандар семинария өміріндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Отырыс барысында 5-курс студенттеріне арналған бітіру жұмыстарының тақырыптары бекітілді.
Кеңес соңында протоиерей Валерий Захаров оқытушы корпорациясы атынан Астана және Қазақстан митрополиті Александрға рухани мектепке әкелік қамқорлығы мен тілектестігі үшін алғысын білдірді.
Семинария Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының үндеуіне үн қосып, Митрополит округінде рухани білім беруді дамытуға қолдау көрсеткен қайырымды жандардың қолдауының арқасында жаңа ғимаратқа ие болды. Студенттерге көрнекі ақпаратты ұсыну үшін кабинеттер арнайы жиһаздармен және оқу құралдарымен жабдықталған. Рухани мектептің тыныш-тіршілігін қамтамасыз етумен Президент Г.Г. Сосновский басқаратын «Апостол» қоғамдық қоры айналысады. Семинария ғимараты Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Православие Шіркеуінің мәдени-ағарту және әкімшілік орталығы мен Иверско-Серафимовский монастырының жанында орналасқан.