Состоялась встреча Главы Православной Церкви Казахстана с Управляющим делами Московской Патриархии
В праздник Курской-Коренной иконы Божией Матери «Знамение» митрополит Александр совершил Литургию в Матронинском храме Иверско-Серафимовского монастыря Алма-Аты
«Священник в красной зоне». Интервью председателя Синодального отдела по взаимоотношениям Церкви с обществом и СМИ В.Р. Легойды
Епископ Геннадий принял участие в заседании комиссии Межсоборного присутствия по вопросам общественной жизни, культуры, науки и информации
Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Иеміз Иса Мәсіхтің таңғажайып ерекше бейнесі Керемет белгішені Қазақстанға әкелуге байланысты Жолдауы

Ардақты әкелер, қымбатты аға-әпкелер!

Ұлы Ораза қарсаңында Мәскеу және Бүкіл Русь Әулие Патриархы Кириллдің батасымен Қазақстанның Оңтүстік астанасы, Алматы қаласына ғажайып жәдігер – Иеміз Иса Мәсіхтің керемет кескіні әкелінді.

Аты көптеген ғажайыпқа қанық Құтқарушының бұл ежелгі белгішесі Кострома митрополиті Галич қаласындағы Успен Паисиев монастырында сақталған. Оны XIX ғасырда дарынды суретші және тақуалық өмірдің заңғар адам – Самара губерниясының шаруасы Григорий Николаевич Журавлев салған.

Тарихта аты қалған көптеген көрнекті суретші бар, бірақ Григорий Журавлевтің туындылары шынымен таңдай қақтырады. Ол ауыр жарақатпен дүниеге келді – қолдары мен аяқтарынан айырылған, бірақ Құдайға деген сенімі арқасында аман қалып қана қоймай, жүрегінің қалауын жүзеге асыра алды, шіркеу өнерінің шығармаларына қызығушылық артуына сансыз ұлес қосып, көптеген ұрпаққа қуаныш сыйлады. Тән кемістігіне қарамастан бала көңілді, зерек әрі ізденімпаз болып өсті. Жасөспірімнің бойында белгішелерді жасауға деген құштарлық пайда болған. Бозбала бұрын-соңды болмаған төзімділік көрсетті: бірнеше күн бойы қызыл иегі ауырғанша, ерні қанға боялғанша қылқаламмен жұмыс істеуді үйренді. Оның жұмыстары нәзіктігімен, терең бояу сезімімен және рухтың асқақ салтанатымен бар жанарды таңғалдырды. Григорий Журавлевтің туындыларымен танысқан адамдар: «Оған Құдай көмектеседі», – деген екен. Суретші өзі де өнері мен ғажап белгішелерді жасау қабілеті Көктен берілген сый екенін үнемі астын сызып айтатын. «Шеберлігімді көрсетуім Құдайдың қалауымен қалыптасты», – дейді тақуа икона суретшісі өзі жайлы. Тіпті көзі тірісінде-ақ православие халқы оны тақуа адам, діндар кісі ретінде құрметтей бастады. Қазіргі таңда Григорий Журавлевті әулиелер бейнесінде дәріптеуге дайындық жүріп жатыр.

Суретші салған Керемет кескіннің төменгі бөлігіне мұқият назар аударсақ, тақуа суретші жазған қысқаша жазуды көреміз: «Бұл белгішені шаруа Григорий Журавлев тіспен салған».
Православие халқы аса қатты құрметтейтін бұл бейне шын мәнінде Ғажайып кескін – дәстүрлі иконографиялық атау тұрғысынан да, оны жасаудың таңғажайып тарихы бойынша да.

Ежелгі Галич монастырындағы ғажайып жәдігермен кездесу терең өнегелі сабақ береді. Біздің тіршілігіміздің көп бөлігі, Забур жыршысы куәландыратындай, еңбек пен ауру (Заб. 89:10). Қиыншылыққа ұшыраған адамдың көңіл күйі құлазып, күш-қуаты таусылып, өмір жолын қалай жалғастыру керектігін түсінбей қалатын сәттері болады. Осы қиын сәтте, осалдық пен әлсіздік кезінде, елші Павелдың сөздерін есте сақтау керек: «Мені нығайтатын Иса Мәсіхтің арқасында бәрін істей аламын» (Флп 4:13). Құдай Иенің өзі ең жоғары шәкірті арқылы бізге бәрі бірдей күшті, дана немесе талантты бола алмайтынын нұсқайды. Зиялылар ақымақтық жасай алады, ал күштілер әлсірейді, ал дарындылар дарынын жерге көмеді, бірақ Мәсіхке шын жүректен сенетін, Оның рақымымен нығайтылған және жанданған адам барлық кедергілерді еңсере алады, кез келген қиындықтарға төтеп бере алады, себебі “адамдар үшін мүмкін емес нәрсе Құдайдың қолында” (Лұқа 18:27). «Құдайдың күші бар жерде әлсіздіктер жоғалады», – деп үйретеді Қасиетті Феофан Затворник.
Құтқарушының бейнесінің алдында дұға еткенде, Мәсіхтің киелі жүзіне – Әлемнің нұрына (Жохан 8:12) құрметпен қарасақ, бізде сенім нығаяды, өйткені белгіше бізге көрінбейтін Құдайды көруге мүмкіндік береді. Оның алдында періштелік күштер мен барлық жаратылыс діріл қағады, бізге Аспан Патшалығының шындығымен байланысуға мүмкіндік береді. Егер қарапайым суреттер адамға өткенді көруге көмектессе, бұл белгіше бізге өткен мен бүгінді, болашақ пен мәңгілікті көруге көмектеседі. Иеміздің белгішесі православиенің негізгі догматикалық ақиқаттарының біріне анық куәландырады, яғни Құдай адам табиғатын қабылдау арқылы оны күнәнің күшінен құтқарып, оны құдайландыруға жетелеу үшін шынайы адам болды. Бізге Мәсіхтің бейнесі берілді, осылайша біз ежелгі дәстүрде айтылғандай, Эдесса қаласының патшасы Авгар секілді Ізгі хабардың куәлігін орындау үшін психикалық және тәндік ауруларымыздан құтыламыз: «Барлық халық Оған қолын тигізуге ұмтылды, өйткені Одан күш келіп, барлығын сауықтырды” (Лұқа 6:19).

Қазақстан Митрополиттік округінің құрылғанына 20 жыл толуы қарсаңында Мәскеу және Бүкіл Русь Әулие Патриархы Кириллге қасиетті кескінге тағзым ету мүмкіндігін сыйлағаны үшін алғысымызды білдіреміз және Керемет кескін сақтаушысы Галич және Макарьевский епископы Алексийге шын жүректен алғыс айтамыз.

«Біз күнәларымыздың кешірілуін сұрай отырып, Сенің Мұнтаздай таза бейнеңе ғибадат етеміз, Құдай Мәсіх», – деп қасиетті Шіркеу Иеміздің ғажайып бейнесіне мадақтау айтады. Тақуа икона суретшісі Григорий жасаған Құтқарушының ғажайып жүзінің Қазақстан жеріне әкелінуі игі істеріміз бен бастамаларымызға береке берсін, Ұлы Даланы киелі етсін, баршамызды игі істерде қуаттап, бар зұлымдықты жою және біздің отбасымызда, туыстарымыз бен достарымызда, елімізде және бүкіл әлемде сүйіспеншілікті арттыру үшін жалынды дұға етуге шабыттандырсын.

Құдайдың батасын шақыра отырып,

ҚАЗАҚСТАН ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ

МИТРОПОЛИТ АСТАНАЙСКИЙ И КАЗАХСТАНСКИЙ

АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ