
Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың әулие Қарағандылық Севастианның киелі денесін шығаруының 25-жылдығын тойлауына байланысты жолдауы
- 22.10.2022, 04:01
- Новости на казахском языке

2022 жылдың 22 қазанында әулие Қарағандылық Севастианның киелі денесін шығаруына 25-жыл өтті. Өзінің жолдауын Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр тарихи датаға байланысты арнады.
Аса Қасиеттіліктеріңіз, аса адал әкелер, аға-інілер мен әпке-қарындастар!
Біз Қазақстанның Православие Шіркеуінің рухани өмірінде ерекше оғиғаны тойлап жатырмыз – әулие Қарағандылық Севяастианның киелі денесін шығаруының жиырма бес жылдығы өтті.
«Құдай бізге әулиелердің денесін бізді жан жақтан қоршаған жамандықтан сақтап, берікті бекініс үшін қалдырады», – деп, бізді уәлие Иоанн Златоуст үйретеді.
Құдай әулиелерінде ғажапты болған (Пс. 67:36), Өзінің тақуасын даңқтап, оның киелі денесін көрінбейтін жерден сыртқа шығарды, ол діндар халыққа таусылмас сауықтырулықтың және ғажайыптардың қайнар көзі болды. «Сендер – әлемнің жарығысыңдар. Таудың басында тұрған қаланың жасырынуы мүмкін емес. Және шамды жағып оны ыдыстың астына қоймайды, шамға қояды, сонда үйдегі барлығына жарық түсіреді» (Мф. 5:14-15), – деп Құтқарушы Христос Өзінің үйренушілерін үйретеді. Әулие Севасианның қайғы қасіреттері мен ерліктері үшін тек Аспанда ғана марапатын алуы емес, (2 Тим. 4:8) бырақ сонымен қатар жерде де – Христос Шіркеуінің адал Құдай алдында өзінің жолын іздеген ұлдары мен қыздарының арасында мадақтауына Құдайдың еркі болды.
Әулие Севатианның киелі денесі салынған мазарында – «Киелі Үшімнің қызметкерінің», Оптина шөлінің соңғы қартына және ХХ ғасырдың қайратты куәгеріне – Қазақстанның барлық облыстарынан, сонымен қатар Ресейдің көптеген өңірлерінен, жақын және алыс жатқан шет елдерден қажылық етіп келгендерді көруге болады. «Ол бәрін момындықпен басынан өткіріп, барлығының құтқарылуы және түсінуі үшін Құдайға дұға айтты», – деп, игі істің пірәдары схиархимандрит Севастиан жайында митрополит Иосиф (Чернов) есіне алады. Өзінің жердегі өміріндегіндей, кәзірде Аспандағы мекенінде Құдайдың тағының алдында тұрып, кішіпейілді қарағандылық қарт, оның киелі денесіне үміт қылып бас иіп, сеніммен одан көмек сұрағап үшін дұға айтады. Қарағандылық қарттан болған кереметті оқиғалар көптеген: көптеген рухани және тәндің аурулардан адамдар сауығып, әлі де сауығып жатыр, күйзелістер азайып, өмірлік жағдайлар жақсылыққа өзгеріп, ең қиын сұрақтарға жауаптар табылады.
Әулие Севастианды біздің заманымыздың адамы деп айтса болады. Оның рухани балалары толықтай сақтаған оның өмір баяны, әлемде құмарлықтарымен, сенімсіздіктерімен, ызалықтарыммен алысқан адамдарға Христос махаббатының жаңа сөзі болды. «Құдай махаббат, және махаббатта болған Құдайда болады, және Құдай онда» (1Ин. 4:16) – деп шынайы әулие апостол Иоанн Богослов жазады. Әулие Севастиан осы ізгіхабарлық махаббатпен өмір сүріп, оның жанындағыларға жомартты бөлісті.
Әулие қарт Қазақстан жерін ерекше жақсы көрді. ҚарЛақтан босатылғаннан кейін Ресейге қайтып оралуына мүмкіндік алды, бірақ өзінің рухани балаларына былай деп айтты: «Осы жерде тұрамыз. Бұл жерде өмір басқа және адамдар да басқа. Бұл жердіің адамдары қайғы көрген жан сезімді, саналы. Біз бұл жерде көп пайда әкелеміз, бұл біздің екінші Отанымыз. Мен осы жерде қаламын!». Бұл сөздерінде Әулие Севастианның, Құдай құтқарған Қазақстан жерінде, көптеген жаңа азап шеккен және куәгерлердің ерлік жасаған жерде, Құдайдың Өзінің бізге орындауға тапсырған тілалулығына – Қазақстанның, бізге дейін өмір сүрген Құдайдың тақуалары мен сопыларының еңбегін жалғастыра православиелік қасиеттерінің қорғаушысы болуына барлығымызға қалдырған өсиеті бар.
Маңызды естелікті датаны тойлау күні біз әулиенің мәңгілікке кетер алдында айтқан соңғы сөзін еске алғанымыз дұрыс болады: «Сендердің барлықтарыңнан тек бір нәрсені сұраймын: татулықта өмір сүріңдер. Тыныштық және махаббат – бұл ең бастысы. Егер араларыңда бұны сақтасағдар, жандарың әр қашанда қуанышқа толы болады». Әулие Қарағандылық Севястианның естелігі бізді, Қазақстанның тыныштығына және өсіп өнуіне, және Орыс Православие Шіркеуінің каноникалық аймағына кіретін барлық елдермен халықтардың өсіп өнуіне ерекше дұға ету ерлігіне бағыттайды. Әулие қарттың киелі денесінің алдында және бейнеленген иконасының алдында тізе бүгіп, біз одан бізбен бірге болуына және біздің дұғаларымызды Құдай Иенің Тағына адамдардың аса қасиетті құндыққа көңіл аударуларына – өздерінің жүректерінде ұялмайтын сенімдікке, берік үмітке және риясыз махаббатқа Киелі Рухтың сыйларын қабылдауға.
Қарағандылық ерлік істеушінің өмірінде сақталған әрекетті ізгі өмірлік тәжірибе халықтың естелігінде, оның өмірінің және монахтық еңбектері, барлығымыздың жанымыздың және жүрегіміздің тазалануына, православтық әулиелердің игі үлгілеріне еруіне, Құдайға және жақынына деген махаббатты орындауға себепкер болуына Құдай берсін.
Әулие Севастианның бізге деп айтқан дұғаларымен Құдай Ие Православие Шіркеуін және біздің Қазақстан жерімізді сақтап, апостолдың сөзі бойынша: махаббат, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, игілік, мейірімділік, кенім, момындық, ұстамдылық (Гал. 5:22). Киелі Рухтың сыйларын көбейтсін.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ
АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ АЛЕКСАНДР