Первая поминальная суббота Великого поста. Митрополит Александр совершил Литургию в храме Представительства Православной Церкви Казахстана в Москве
Глава Православной Церкви Казахстана принял участие в заседании Священного Синода Русской Православной Церкви, состоявшемся в дистанционном формате
Освящена нижняя церковь в честь иконы Пресвятой Богородицы «Скоропослушница» строящегося Никольского храма поселка Иргели
Клирик Алма-Атинской епархии стал участником заседания общего собрания членов Издательского совета Русской Православной Церкви
Қазақстан жеріне әулие Сергий Радонежкийдің касиетті денесінің бөлшегі салынған сандықша әкелуіне байланысты Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың жолдауы

Сіздердің Аса Қасиеттіліктеріңіз және Қасиеттіліктеріңіз! Аса адал әкелелер! Аға-інілер мен әпке-қарындастар!

2022 жылы православие әлемі айрықша мерейтойды – Христос Шіркеуінің ұлы тақуасы көмекке асығушы және аса даңқты кереметтер істеуші Радонеж игумені әулие Сергийдің – қасиетті денесінің даңқталуының 600-жылдығын тойлайды. Әйгілі тарихшы Василий Ключевскийдің сөзі бойынша, «әулие Сергийдің рухани әсері, оның жердегі өмірінен асып кетті»

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің бата беруі бойынша авва Сергийдің киелі денесінің бөлшегі салынған сандықша мерейтой салтанатының шеңберінде Орыс Правлославие Шіркеуінің епархияларының көбіне апарылды. Ресейдің және Белоруссияның көптеген адамдары осы православиенің ұлы қасиетті затына бас иіп, Құдайдың аса ғиззаты тақуасына дұғаларын айтты. Енді әулие Сергий өзінің адал денесімен баталанған Қазақстан жеріне келіп, сізбен бізге Аспанның құт берекесін төгеді.  

Әулие Сергий бізге – жол көрсетуші жұздыз, христианиннің шынайы үлгісі, ізгіхабарлық рахымшылдықтың бейнесі. Қайта және қайта оған жүгініп, біз, шындықты өтіріктен ажыратуға, айналадағы болып жатқан оқиғаларға дәл баға беріп,  шынайы рухани өмір сүруді үйренеміз.
 
Әулие авва Сергийдің аты тарихқа ең алдымен келісімге келтіруші және халықтардың ағартушысы ретінде кірді. Ең басында ол әлемнен алшақтап және өзіне қалың орман тоғай ішінде қатаң шөлдалалық өмір елігін таңдап, көп ұзамай ұлы рухани күшке және дәуірлестерінің арасында абыройға ие болды.   Оның өмірінің үлгісенде Киелі Жазбаның нақты сөзі орындалды: «Сендер – әлемнің жарығысыңдар. Таудың басында орналасқан қала тығыла алмайды» (Мф. 5:14-15). Қанша рет кішіпейілді  жалғыз тұрушы өзінің дұға оқитын орнын тастап, алыс ерлерге татуластыру міндетімен барып тұрды. Оның ізгіхабарлық даналығына толы момынды сөздері, княздердің соғысқұмарлық пейілін басты, қастасқандарды татуластырды, өзара болған дауларды тоқтатты.
 
Әулие Сергийдің жердегі өмірі кәзіргі Казақстан жерінен алыста өтті, бірақ оның киелі аты көне заманнан бері біздің жерде құрметтеледі. Игумен Сергийдің ерлігі қазақтың ұшы-қиыры шексіз жазық даласында және Жоңғар Алатауының қырында, Каспи теңізінің маңындағы қалаларда және Орал өзенінің жағасында даңқталды. Оның атымен храмдар салынды; Петропавлда әулие Сергийдің атымен аталған православиелік гимназия жұмыс істейді; Алматы облысы, Түймебаев атындағы ауылда, Әулиенің атындағы қарттар үйін және балалар үйін қосқан – «Мейірімділік мекені», әлеуметтік қорғау епархиялық орталығы жұмыс істейді.  Республиканың астанасының алаңында, Қазақстанның басты храмы – Успенск кафедралды соборының жанында – Орыс жерінің Игуменінің ескерткіші сәулетті әшекелейді.

Орыс жері Игуменінің өмір баянын оқыған кезде, біздің алдымызда ұлы Сергийдің жарқыраған аса жарық жүзі көрінеді. Біздің ғасырда адамдар жайлылықты жиі іздейді, ерліктен бас тартып, жақындардың алдында басымдылыққа ұмтылған кезде, әулие пірәдардың өмірінің анық үлгісін жиі еске алғанымыз маңызды, өйткені әр христианин ең алдымен Аспан жайында ойлап және игі істерді істеу арқылы мәңгі өмірге дайындалуы керек. Бізге Әулие Сергий жеткен Құдайға  және жақындарына деген  махаббатқа, сол момындыққа, кексіздікке, еңбекқорлыққа жетуіміз керек. Авва Сергий ұрпаққа жазу шығармашылығын қалдырмады. Оның басты мұрасы – өмірді аяғына дейін Құдайға және адамдарға арнау. Рухани  өсиетхат ретінде оның сөздері бізге жеткен тақуалы сөздермен енді былай естіледі: «Махаббатпен және бірлікпен құтқарыламыз». Әулие Сергий бізге өсиет етіп қалдырған тыныштық және бауырлық махаббат, Қазақстанның қоғамының басты құндылығы – дінаралық және халықаралық келісімге сейкес.  

Әулие Сергийдің жер бетіндегі ерлігінің аяқталуына 630 жыл өтті, бырақ оның даңқы ешқашан өшпейді және ешқашан сөнбейді, өйткені тақуалар ғасырдан ғасырға өмір сүреді (Прем. 5:15).  Әулие және тақуа әкеміз Сергийдің адал денесінің бөлшегіне Ұлы жазық дала жерінде бас иіп, жанымыздың тереңінен дұға айтып, оның бізге Құдайдың батасын сұрауына, қайғыны жұбатуды, апатты тоқтатуды,  көз жастарын қойдыруды, ауруларды сауықтыруды, және  ең бастысы бізді христианин жолында нығайтуды сұрайық.

Осы жылы әулие Сергий әр православиелік жанұяға кіріп, бәрімізді Құдайға және жақындарымызға деген адал риясыз махаббатқа үйретсін, біздің күнделікті еңбегімізге бата беріп, Қазақстан халқына және барлық адамдарға тыныштық және аман-саулық берсін.