Глава Митрополичьего округа удостоил церковных наград государственных и общественных деятелей Астаны
Престольный праздник Свято-Никольского собора Южной столицы
В канун недели Торжества Православия Глава Казахстанского Митрополичьего округа совершил всенощное бдение в Вознесенском кафедральном соборе Алма-Аты
Хор Иверско-Серафимовского монастыря стал лауреатом I степени Патриаршего международного фестиваля духовной музыки «Свет Христов» (+ ВИДЕО)
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қазақстанға Құдай Анасының ғажайып «Одигитрия-Полонск» иконасының келуіне байланысты айтқан Жолдауы

Сіздердің Аса Жоғарғы Қасиеттіліктеріңіз және Аса Қасиеттеліктеріңіз, аса әділ әкелер, қымбатты аға-інілер мен әпке-қарындастар

ХРИСТОС ТІРІЛДІ!

Христостың Тірілген мерекесіне шаттыққа толы пасхалық күндерінде Қазақстан жері, рухани қуаныштың нұрымен аса жарықтанды – Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің бата беруі бойынша біздің елімізге Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Ананың «Одигитрия-Полонск» иконасы әкелінеді.

Аспан Патша Анасының бұл көне бейнесі жайында, діншіл адамдардың ұрпақтан ұрпаққа алып келе жатқан ерекше тарихи оқиғалары бар. XVII ғасырда Кострома аймағының бір тұрғыны тұтқында түсіп қалады. Жат жерде ауыр жұмыстарға салынып, Отанын сағынып көп жылдар бойы өмір сүрді. Бір күні, Киелі Пасха қарсаңында, көп жылдар бойы Хритостың Жарқын Тірілуінің мерекесін қарсы алуға, киелі храмда дұға оқып, Христостың Өмірберетін Құпиясын қабыл алуға мүмкіндігі жоқ екенін ойлап, жүрегі төзімсіз қайғыға толды. Мұңға толы ойлармен ол теңіздің жағалауында келе жатып, толқында жүзіп бара жатқан кішірек инонаның екі жартысын көреді. Суға түсіп, оларды алып, екеуін бір-біріне жалғап, Құдай Анасының жүзін көреді. Кіріптар иконаны ағаштың астына қойып, оның алдында, шаршап ұйықтап қалғанша жігерімен дұға оқиды. Ұйқысынан оянғанда, ол қоңыраудың дыңылын естіп – Құдайдың күші оны Аспан Патша Анасының дұғасымен өз туған жеріне әкелгенін түсінеді: тұтқында болған өзінің ауылдағы шіркеуінің жанында тұрды, ал жанында ағаштың астында ол өзі тауып алған Ең Киелі Ананың иконасы тұр екен. Кереметті бейне ауылдық храмға қойылып, Рессейдің солтүстік аумағындағы тұрғындарымен қадір тұтылып, соңғы көп жылдар бойы сол жерде болды. Қасиетті икона «Полонская», орыс тілінен «плен» тұтқын дегенді білдіреді. Православие халқында Құдай Анасының бұл көне иконасы  «Одигитрия», сонымен қатар тағы бір «Жылы алақан» деген ат алды, өйткені адамдар жігерімен дұға оқып иконаға бастарын қойғанда ерекше хош иісті және жылулықты сезінді. Православиеге қуғын кезінде, құдайсыздардың қадір тұтқан бейнені бірнеше рет құртайын деген әрекетеріне қарамастан, қасиетті икона аман қалды. Кәзіргі кезде Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Ананың «Одигитрия-Полонск» қасиетті иконасы Кострома қаласының Иоанно-Златоустовск храмында орналасқан.

Қазақстан жеріне келетін көне қасиетті иконаға, көп ғасырлар бойы діншіл халық нұр жауған берекелі тірі судың қайнар көзіне келді.  Көптеген адамдар, кезінде көптеген жылдар бойы тұтқында болған жазықсыз азап шегушіні Құдайдың күшімен құтқарған Аспан Патшайымына үмітпен қарады. Құдай Нәрестесі Христостың және Оның Ең Киелі Анасының жүзінің алдында дұға оқылған кезде ешқашан керемет істер тоқталмады, олар біздің күнімізде де болып жатыр. Кім де кім Аспан және жер Анасына кіші кейілдігімен және нақты сенімімен қалағанын сұраса, өзінің сұранына – рухани және тәндік сауықтырулық, қайғы-қасіреттен және бәледен құтылады, жанұясында татулық, аман-саулық алады. Қауымның өлеңдерінің бірінде Құдай Анасының мейірімділігі жайында былай деп жазылған: «Сеннен көмек сұрағанның барлығы, көмексіз кетпейді Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Қыз, бірақ тек нұр жауған береке сұраған, өзіне пайда сый ретінде алады»

Қазақстан жеріне әкелінетін Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Ананың бейнесі «Одигитрия», «Жолбағыттаушы» деп аталады. Бұлай деп аталу өзінің мағынасы бойынша терең, өйткені, Құдайдың Адам болып жерге түскенінің құпиясына қызмет еткен Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Қыз, бүкіл адам затын шын сенімге, құтқарылуға және мәңгі өмірге бағыттаған Жұлдыз болды. Иконада Құдай Анасы қолын, Өзін: «Мен жолмын және шындықпын және өмірмін» » (Ин. 14:6).   – деп айтқан Христосқа көрсетіп тұр. Ол бізге тек Құдайға жолды ашып, көрсетіп қана қоймай, Өзіде Құдай Патшалығына апаратын қиын жолда көмектеседі. Киелі епископ Григорий Палама былай деп үйретеді: «Құдайға ешкім өзі келмейді, тек Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Ана арқылы, Құдайдың сыйлықтары періштелергеде, адамдарғада тек Ол арқылы беріліеді». Ал киелі епископ Кирилл Александрийский Құдай Анасын «біздің құтқарылуымыздың Жасаушысы» – деп атады.  

Құдай Анасын Нәресте Христоспен бірге бейнелеген апостол Лукамен бірге орта ғасырдағы икона жазушы біздің назарымызға нені көрсетті? Ең Киелі Қыздың Өзінің Ұлына деген махаббаты мен қамқорлығы, онымен бірге бізге де Оның аналық жылылығы ағыл-тегіл төгіледі. Құтқарушы Құдайға әр діншілдердің жандарын алақанына салып әкеледі. Құдай Анасының «Одигитрия-Полонск» кереметті иконасы – Бәріненде Баталанған Құдай Анасы Оған ыстық және кішіпейілді дұғасымен келген адамға нұр жауған құт берекені төгуге дайын екені, бізге рухани әлемнің жақындығын және шындығын еркертеді.

Бір кезде тұтқында болған, судан тапқан Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Ананың иконасын алдында дұға оқып құлшылықтан құтылып, туған жеріне оралды.  Тұтқынға түсіп, құлшылықта болу қиын, бірақ одан да үрейлі құлшылық бар – күнәлік  құлшылық. Құдай Ие бізді: «Шын, шын айтам сендерге: күнә жасаған әркім, күнәнің құлы» (Ин. 8:34),  – деп сақтандырады, ал апостол Павел осындай күйді нақты  былай деп келтіреді: «өзім қалаған жақсыны жасамаймын, ал өзім қаламаған замандықты жасаймын» (Рим. 7:19). Күнәлар, құмарлықтар және жаман бейімділіктер адамды бақытсыз етеді. Жаман ойлар, сөздер және істер жеке және қоғамдық қайғы қырсықтардың, эпидемиялардың және апаттардың қайнар көзі. Сондықтан Аспан Патайымының кереметті Полонск бейнесінің алдында тізе бүгіп, бізге ең алдымен күнәлік тұтқыннан, біздің ар ұжданымызды кірлейтіннің бәрінен, Құдаймен және жақынымызбен қатынасты жоятыннан құтқарылуды сұрайық. Псалом айтушы Давидтың сөзімен Құдай Анасына былай дейік: «Жанымды қараңғыдан шығар» (Пс. 141:7).  

Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Ананың кереметті бейнесін Қазақстан жеріне әкелінгені, тарихи ерекше маңызды – Түркістан епархиясының құрылуының 150-жылдығымен белгіленіп – барлығымызды күнәнің тұрқынынан кұтқарып, «бізге Христос берген бостандықты» (Гал. 5:1) нығайтып, біздің игі істерімізбен бастауларымызға бата беріп, қалаларымызды, ауылдарымызды, елімізді тазалап, барлықтарымызды игі істерді істеуге бегітіп, ынталы дұға оқуға бағыттап, жек көрушілікті және әр түрлі жамандықты жойып, жанұямызда, туыстарымыз бен жақындарымыздың арасында, Отанымызда және бүкіл әлемде махаббатның көбейуіне әсерін тигізсін.

Өлімнен үш күннен кейін Тірілген Христос, Құдай Ұлын Туған Ананың дұғасымен бізге қайырылымдық көрсет!  

ХРИСТОС ТІРІЛДІ! ШЫНЫМЕНДЕ ХРИСТОС ТІРІЛДІ

Расписание пребывания чудотворного образа Пресвятой Богородицы