
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Ұлы оразаның алдында айтқан жолдауы
- 02.03.2022, 10:50
- Новости на казахском языке

Адал әкелер, қымбатты аға-інілер мен әпке-қарындастар!
7 наурыз күні Ұлы ораза басталады – біздің өмірімізді жаңартатын ұстамдылық пен рухани ерлік жасайтын, Христостың әлемқұтқарған өлімнен Тірілген жарқын мерекесіне дайындайтын киелі терең мағыналы уағыздар оқитын кезең келді.
«Келді енді, ерлік жасайтын – ораза ұстайтын кез келді. Жігерімізбен оны бастайық, Құдай Иемізге ізгі сый ретінде әкелейік» – деп ұлыоразалық өлеңдердің бірінде Киелі Қауым бізді шақырады. Бұл жолда бір бірімізге қол ұшымызды беруге, әлсіздерді шыдамдылықпен бекімдеумізге, рухани ұстаздарымызды кішіпейілдікпен тыңдауымызға, Құдай храмдарына жиі барып тұруға барлық күшімізді салайық. Ұлы пасхалық қуанышқа аптадан аптаға, әлсіздерде орындалатын (2 Кор. 12:9) мүмкін еместі мүмкін қылып, жердегі күнәлі болған бізді өзгерте – Аспан Патшалығының балалары еткен Құдайымыздың күшіне сүйенеміз. Христостың Қауымы бізді Ұлы оразаға ерекше жолмен дайындайды. Біздің ішкі дүниемізден салықшы мен фарисейдің, қайтып келген ұлмен Қорқынышты соттың бейнесі өтеді, біз бірінші адамның күнәсі мен оның Пейіштен қуынғанын еске аламыз. Тәубе еткен салықшыдан кішіпейілді уағыз үйренеміз; қайтып келген ұлдың оқиғасы адамның қандайда болса күнәсінен асатын Құдайдың түпсіз мейірімділігін еске салады; Қорқынышты соттың жазылғаны бізді қамсыздықтан, жанымыздың құтқарылуына еш нәрсе істемеуден сақтайды; Пейіштен қуылған библиялық оқиғада бізге заңсыздықтың бүлдіретін күшін, Құдайдың өсиетін бұзғанның салдарының қасіреті көрсетілген. Бұл сабақтардың бәрін, дұрыс рухани өмірдің нұсқауы ретінде есте сақтауымыз керек.
Ұлы ораза бізге өз өмірімізге және жақындарымыздың өміріне жауапкершілікпен қарауға және Құдай алдында өзімізді мәңгілікте көруге мүмкіндік береді. Терең айтылған уағыздар мен ұстамдылық біздің жан дүниемізден күнәнің түнегін қуады. Алдын ала Киелендірілген әр ұлыоразалық Литургияда: «Христостың жарығы барлығын жарықтандырады» деп айтылады. Біз Құдай Иеміздің, «тек жарық, және Онда ешқандай түнек жоқ болған» (1Ин. 1:5) рухани күшімен жарықтануға шақырылғанбыз. Христоспен өмір сүру тек жамандықтан бас тарып, өнегелік өзгеріс қана емес. Бәрі бұданда терең және күрделі. Христианиннің өмірінің мағынасы – бұл Киелі Тынның нұр жауған дәулетіне ие болу, адам жанының Құдайдың күшімен өзгеруі, ол адал, терең тәубе етуден, өмірді Ізгі Хабардың өсиеттерімен түзетумен басталады. Өмірімізді Игі Хабардың өсиетіне сәйкес қалай өзгерте аламыз? Иисус Христостың басты сөздері мен өсиеттерінің мағынасын еске түсіруіміз қажет. Құтқарушы Құдайдың уақыттың басталғанынан бастап бізге ашқанының бәрінің қортындысын шығарып, бүкіл заңмен пайғамбарларды бегітенін (Мф. 22:40), Құдайды жақсы көру және жақыныңды жақсы көру, екі өсиетін атады. Сөз емес, сыртқы көрініс емес, жанашырлығы болған, жақсылық және мейірімділік махаббат бізді Құдайға жат қылмайды, өзіміздікі етеді (Еф. 2:35). Құдай Ие бізге былай деді: «Егер бір бірлеріңе сүйіспендіктерің болса, сендердің Менің үйренушілерім екендеріңді біледі» (Ин. 13:35). Сондықтан Ұлы ораза кезінде, жақсы көру мектебінде еңбек етейік. Ең жеңілінен бастау қажет – күнделікті сөйлеген сөзімізге көңіл бөліп. «Қара кішкентай от қанша нәрсені жағып жібереді! Тілде – от» (Иак. 3:5,6), – деп апостол Иаков бізді сақтандырады. Жаман сөздерден тозақтың отынан қашқандай қашу керек. Апостол Павел, сендердің ауыздарыңнан ешқандай жаман сөз шықпасын деген (Еф. 4:29). «Кімде кім өзінің құлағы мен тілін жаман сөздермен уламаса, ол адам махаббатың еміне толы. Кімде кім өзінің аузын жаман сөздермен ластамаса, оның аузы Киелі Тынның жемістерімен хош иістенеді», деп үйретеді киелі монах Ефрем Сирин.
Киелі монах Ұлы Макарий жайында көне аңыз әңгіме бар. Бір күні ол қария өзінің үйренушісін тіл алушылыққа жібереді. Үйренушісі жолда келе жатып, булап алған отынды алып бара жатқан пұтқа табынушының абызын көріп: «қайда барасың шайтан?» – деп, айғай салды. Абыз ашуланып үйренушіні ұрып тастады. Быраз уақыт өткеннен кейін сол абызды қария Макрий кездестіріп: «Қарсы алдым сені, бейнетқор адам!» – деді. Абыз: «Сен менде қандай жақсылық көрдің, неге мені бұлай қарсы алдың?», – деп сұрады. Қария: «Өйткені сенің еңбекқорлығыңды көріп, осылай қарсы алып тұрмын», – деп жауап берді. Пұтқа табынушы: «Сенің сөздеріңнен іш дүнием елжіреп, сенің Құдайдың адамы екеніңе көзім жетті», – деді. Ол қарияның аяғына жығылып: «Мені христиан еткеніңше, сеннен қалмаймын» – деп, киелі Макарийдің артынан ерді. Абыз шомылдырылғаннан кейін, оған қарап көптеген епипеттің пұтқа табынушылары да шомылдырылды. Осыдан кейін киелі қария былай деді: «Біліңдер, жаман сөз жақсыларды да жаман қылады, ал жақсы сөз керісінше жамандарды жақсы қылады».
Құштарлықты және әр түрлі күнәлерді жеңу, сонымен қатар жақсылықтарға ие болу жоғарыдан көмексіз болмайтынын есте сақтауымыз қажет. Адамның рухани және ақыл табиғаты терең зақымданған. «Өзім қалаған жақсылықты істемеймін, ал өзім қаламаған жамандықты істеймін» (Рим 7:19), – деп апостол Павел бұл аянышты күйді үлгі ретінде келтіреді. Бізде Құдайдың бейнесі мен ұқсастығын қайта құруға және жаңартуға, Христостың Қауымында қасиетті құралдар берілген, олардың ең әсерлілері киелі Құпиялар – Тәубе ету мен Қасиетті Құпияны қабылдау. Тәубе ету мен Христостың киелі Құпиясын қабылдау, күнәға түскенде пайда болған Құдай мен адамның арасындағы тұңғиықты жеңеді. Киелі Жазбаның сөзі бойынша, Құпияны қабылдау арқылы христианин әлемге: «Енді тек мен ғана өмір сүрмеймін, бірақ менде Христос өмір сүреді» (Гал. 2:20), – деп жариалаған жаңа адамға айналады. Киелі епископ Иоанн Златоуст былай дейді, Литургия кезінде Өмір Тостағанын қабылдағандар Христостың «туысы» және ең үлкен абыройға, Оның «ағайындары мен достары» боламыз, ал дін қызметкері атынан азап шеккен Антиохиялық Игнатий, бұл Құпияны қабылдағандар «Христосты өзімен бірге алып жүргендер және Құдайды өзімен бірге алып жүргендер» деді. Христостың Киелі Құпиясы біздің мәңгі өмірімізбен өлмеуіміздің кепілі. Құтқарушы Құдай Ие мынандай уәде берген: «Кім менің Тәнімді жеп, Қанымды ішсе, мәңгі өмірі болады, және Мен оны соңғы күні өлімнен тірілтем» (Ин. 6:54).
Егер біз жәдігөйленіп өзіміздің өмірімізді өзгердуді «кейінге қалдырып» Құдайдан жабылмасақ, біздің құтқарылуымызға ешкім кедергі келтіре алмайды. Ұлыоразалық еңбектің басталуының шарты және ізгіхабарлық, «бар жинақтың мүлтіксіздігі болғаны» (Кол. 3:14) жақсы көруліктің бірінші қадамы, жақындарымызға және Құдай Ие өмірімізде бірге болдырған адамдарға ренішті қайырымдылықпен кешіруіміз қажет. Бізді жек көргендерді Тірілумен кешірейік – Кірестке Керіліп және өлімнен Тірелген Құтқарушының атынан кешірейік, жақсы істер мен сөздермен бейбітшілік орнатайық, дұғаның: Аспандағы Әкеміз, бізге қарыздарды кешіргеніміздей, біздің де қарыздарымызды кешір (Мф. 6:12) сөздерің батылдықпен қайталай алу үшін. Егер біз бір-бірімізді кешірсек, онда Құдайда бізді кешіреді, тек солай ғана ұжданымыз жанданып, тазаланып, әр адам аңсаған жүректің тыныштығы орнайды.
Қазақстанның православтық діндарларын Ұлы оразаның басталуымен құтықтай отырып, барлықтарыңа Құдайдың және Ең Киелі Құдай Ұлын Туған және әр қашанда Қыз Болған біздің Анамыз Марияның батасын шақырамын. «Өзденіңді Құдайдың махаббатында сақтаңыздар, біздің Құдай Иеміз Иисус Христостың мейірімділігін күтіп, мәңгі өмірге» (Иуд. 1:21).
ОРЫС ПРАВОСЛАВИЕ ҚАУЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МИТРОПОЛИТТІК АЙМАҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ