В Петропавловской епархии прошла ежегодная образовательная акция «Тотальный диктант»
В Южной столице начала работу IV Международная научная конференция «Философия религии на Востоке и Западе»
Завершилось пребывание ковчега с мощами блаженной Матроны Московской в Павлодарской епархии. Святыне поклонилось более 13 тысяч человек
Глава Митрополичьего округа посетил Талдыкорган и совершил Литургию в Иоанно-Богословском соборе города
Митрополит Александр Алматыдағы Космо-Дамиановский приходында болып, жұмыс кездесуін өткізді

2023 жылғы 4 қараша. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Космо-Дамиановский приходында барды.

Митрополиттік округ басшысы әулиелер Косма пен Дамиан Римскийлер ғибадатханасының құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңеске қатысқандар: Космо-Дамиановский храмының алдатұрары протоиерей Георгий Чистяков, Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров, «Апостол» қорының президенті Г.Г. Сосновский, епархия басқармасының қызметкерлері және құрылыс компаниясының өкілдері.

Аса қасиетті мәртебелі құрылысқа жауапты мамандардың есептерін тыңдап, құрылысты одан әрі жалғастыру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты, ғибадатхана кешенін құруға атсалысқандардың барлығына алғысын айтып, жұмыста Құдай жәрдем беруін тіледі.

Бүгінгі таңда шіркеу ғимаратының іргетасы құйылып, нығайтылып, жүк көтергіш құрылымдар мен қабырғалардың құрылысы басталды. Ғибадатхана қайырымдылық жасаушылардың қаражатына және сенушілердің ерікті қайырымдылықтарына салынып жатыр.