С праздником Рождества Христова и наступлением 2020 года православных верующих Казахстана поздравил Верховный муфтий страны
Секретарь Костанайской епархии совершил первый монашеский постриг в Иверско-Петропавловском женском монастыре поселка Октябрьский
Праздник Воздвижения животворящего Креста Господня. Митрополит Александр совершил Литургию в храме Представительства Православной Церкви Казахстана в Москве
В Великий четверг – день установления таинства Евхаристии – митрополит Александр совершил Литургию в главном храме Алма-Аты
Митрополит Александр қасиетті азап шегуші протоиерей Владимир Лепсинскийдің мүрде қалдықтарының алдында Қазақстанның гүлденуі үшін дұға жасады

2023 жылғы 26 шілде. Талдықорған. Астана және Қазақстан митрополиті Александр қаланың бас ғибадатханасы – әулие апостол және інжілші Иоанн Богословтың атындағы соборға барды.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын қарсы алғандар: Астана епархиясының викариі Талдықорған епископы Клавдиан, Астана епархиясының викариі Талғар епископы Вениамин; викариатствоның діни қауымы.

Кафедралық соборға келген соң Митрополиттік округ Басшысы Талдықорғанның көктегі қамқоршысы – қасиетті азап шегуші протоиерей Владимир Лепсинскийдің мүрде қалдықтары алдында дұға жасады.

Митрополит Александр Қазақстан Митрополиттік округінің архипастырлары, пастырлары, монахтары мен діндарлары үшін, Қазақстан жерінің тыныштығы мен гүлденуі үшін, Республика Президенті, билігі, әскері мен халқы үшін салтанатты дұға жасады.

Дұғаның соңында Владыка жиналғандарға қасиетті су бүркіді.