В день памяти великомученика Артемия и новомучеников Карагандинских митрополит Александр совершил Литургию в Матронинском храме Южной столицы
Православная служба «Милосердие» Астанайской и Алма-Атинской епархии продолжает работу. Итоги уходящего года
Соболезнование в связи с кончиной архиепископа Елевферия выразила министр информации и общественного развития Республики Казахстан
Делегация Казахстанского Митрополичьего округа передала священный дар от митрополита Александра Блаженнейшему Патриарху Иерусалимскому Феофилу III
Епископ Вениамин Қарабұлақ ауылындағы Патшалықтың азап шегушілер ғибадатханасында мәртебелі мейрамды басқарды

2023 жылғы 17 шілдеде, Патшалықтың азап шегуші әулиелері Николай патша, Александра патшайым, патша баласы Алексий, ұлы князь қыздары Ольга, Татьяна, Мария, Анастасияны еске алу мерекесі күні Алматы облысы, Ключи (Қарабұлақ) ауылындағы Қазақстандағы жалғыз Патшалықтың азап шегушілері шіркеуінде салтанатты шаралар өтті.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Құдайға құлшылықты Талғар епископы Вениамин басқарды.
Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысымен бірге құлшылық еткендер: Патшалықтың азап шегуші әулиелер ғибадатханасының клиригі иеромонах Савва (Кульбакин), Қонаев қаласының Ксениевский приходының алдатұрары иеромонах Пимен (Ткаченко), Белбұлақ ауылындағы Ұлы азап шегуші Георгий Победоносец ғибадатханасының қауымбасы иерей Сергей Харченко, Талғар қаласындағы шіркеулік округінің тәртіп қараушысы міндетін атқарушы, Талғар қаласындағы Никольский ғибадатханасының клиригі Кирил Фрейганг; Жаркент қаласындағы Құдайдың пайғамбары Ільяс ғибадатханасының алдатұрары иерей Димитрий Каплин, Талғар қаласындағы Никольский ғибадатханасының клиригі иерей Иаков Климов, Ресейден келген қонақ діни қызметкерлер; диакон Иоанн Чуркин және диакон Богдан Бойко.
Құдайға қызмет ету кезіндегі дұға еткендер: Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының қауымбасы игумения Любовь (Якушкина), монастыр әпке-сіңлілермен; Митрополит округінің хатшысы, Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы жанындағы Орыс шіркеуінің ән өнерін дамыту жөніндегі шіркеулік-қоғамдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников бастаған Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері; Алматы және Алматы облысындағы қалалар мен ауылдарынан келген жиһангерлері.
О. Усольцеваның жетекшілігімен Софийский соборы монастырының хоры ән шырқады.
Архипастыр сүйіспеншілікті көбейту және барлық өшпенділік пен зұлымдықты жою үшін дұға оқыды.
Қызметтің соңында Патшалықтың азап шегуші әулиелерге дұға оқылып, содан кейін ол шіркеудің приходтарын мәртебелі мейраммен құттықтады және Патшалықтың азап шегуші әулиелердің ерлігінің маңызы жайлы уағыз айтты.
Орыс Православие Шіркеуінің Алдатұрары, Мәскеу және Бүкіл Русь Әулие Патриархы Кириллге, Қазақстан Митрополиттік округінің архипастырларына, дін қызметкерлеріне және діндарларына; Ұлт көшбасшысына, Президентке, билікке, әскерге және барша Қазақстан халқына ұзақ ғұмыр тіледі.
Ұзақ ғұмыр жайлы өлеңін айтып жатқанда иерарх діни қауым мен сенушілерге өң беріп, содан кейін шіркеу қызметкерлеріне архипастырлық сөзін айтты.
Құлшылық соңында игумения Любовь жиналғандар атынан епископ Вениаминді туған күнімен құттықтап, оған гүл шоғын сыйлады.
Телефон арқылы сөйлескен Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы өзінің викарийі Талғар епископы Вениаминді туған күнімен құттықтады. Митрополит Владыка архипастырға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және Мәсіх шіркеуіне қызмет етуде Құдайдың жәрдемін тіледі.