Қаланың көктегі қамқоршыларын еске алу күні Петр мен Павел епархиясында дұғамен атап өтілді
- 18.07.2023, 13:26
- Новости на казахском языке
2023 жылғы 12 шілде – қасиетті даңқты және баршаға мадақталған жоғарғы апостолдар Петр мен Павелдің мерекесі.
Қаланың көктегі қамқоршыларына арналған мерекелік шараларды Петропавл және Булаевский архиепископы Владимир басқарды.
Владыка Петр мен Павел апостолдар соборының алаңында Құдайлық Литургиясын өткізді. Епархиясының дінбасылары Владыкамен бірге қызмет етті.
Әндерді регент А.А. Затайдың жетекшілігімен епархия хоры және регент О.Н. Прохорованың басқаруымен собор хоры орындады.
Иерарх бейбітшілікті қалпына келтіру мен нығайту үшін дұға қылды.
Қасиетті өлеңдегі уағызды иерей Роман Пудов айтты.
Литургия соңында Петр мен Павел соборының айналасында діни шеру өтіп, оның барысында Қазақстан жері үшін, еліміздің барлық тұрғыны үшін, Солтүстік Қазақстанның гүлденуі және өңірдің дамуы үшін дұға бағышталды.
Орыс Православие Шіркеуінің Алдатұрары, Мәскеу және Бүкіл Русь Әулие Патриархы Кириллге, Қазақстан Митрополиттік округінің архипастырларына, дін қызметкерлеріне және діндарларына; Ұлт көшбасшысына, Президентке, билікке, әскерге және барша Қазақстан халқына ұзақ ғұмыр тіледі.
Епархия қауымбасы Православие Шіркеуінің игілігі жолындағы қажырлы еңбектері үшін діни қызметкерлер мен сенушілерге марапаттар, архиерейлік мақтау қағазын табыс етті.
Құдайға қызметтің соңында владыка Владимир сенушілерге бас апостолдар Петр мен Павелдің азапты ерліктерінің мәні мен маңызы туралы уағыз айтты.
Салтанатты жиын жалпыға ас берумен аяқталды.