В предпразднство Происхождения Честных Древ Животворящего Креста Господня митрополит Александр совершил Литургию в главном храме Алма-Аты
В день памяти великомученика Феодора Стратилата митрополит Александр совершил Литургию в старейшем храме Астаны
Митрополит Александр совершил освящение креста на центральный купол строящегося храма в честь Собора Пресвятой Богородицы города Алма-Аты
Епископ Геннадий посетил XV Евразийский медиа форум
Алматыда ұлы князь Александр Невскийге арналған ескерткіштің ашылуына орай Қасиетті Патриарх Кириллдің құттықтау хаты

2023 жылғы 13 шілдеде Алматы қаласындағы Александр Невский соборының алдындағы алаңда әулие тақуа ұлы князь Александр Невскийге арналған ескерткіштің ашылу әрі киелендіру салтанаты өтті. Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрға және мерекелік шараларға қатысушыларға алғашқылардың бірі болып өз құттықтауын жолдады.

Оның Қасиеттілігінің құттықтауында былай делінген:

Баршаңызға сәлем жолдай отырып, елеулі оқиға – Алматы қаласында тақуа князь Александр Невскийге арналған ескерткіштің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын.

Әулие князь Александрдың есімі тарихымыздан ерекше орын алады. Бұл билеуші өзінің дипломатиялық шешімдерімен Еуразия кеңістігінде дінаралық және ұлтаралық татулықтың бірегей үлгісін қалыптастыруға үлес қосты. Оның игі бастамалары Қазақстан Республикасы басшылығының көпмәдениетті және көпконфессиялы қоғамда азаматтық келісімді сақтауға және бірлікті нығайтуға бағытталған саясатымен үндес.

Князьдің ерлігі көптеген адамды Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында рухтандырып, мемлекеттік егемендікті, рухани бостандық пен адамгершілік мұраттарды батыл әрі берік қорғауға талаптандырды.
Әулие Александр Невскийді еске ала отырып, ол Иеміздің алдында тұрып, бізді барлық зұлымдықтан қорғау үшін, бізді дұшпандықтан, арамдықтан және әртүрлі араздықтан сақтау үшін біз дұғаларды арнаймыз.

Мен Қазақстанның барлық православиелік христиандарына рух пен тәннің күш-қуатын, «сенімдеріңе сай қуаныш пен тыныштықты» (Рим. 15:13), Өмір беруші Мәсіхтің мол мейірімі мен көмегін тілеймін. Жаратқан Иеміз құт-берекелі Қазақстан жерін сақтасын.