Престольный день храма в честь Собора Пресвятой Богородицы в Алма-Ате. Праздничную Литургию возглавил митрополит Астанайский и Казахстанский Александр
В среду первой седмицы Великого поста митрополит Александр продолжил чтение канона святителя Андрея Критского
Концерт лауреатов юбилейного фестиваля «Исповедь сердца» прошел в Нур-Султане
В Уральской епархии состоялась презентация фильма «По святым стопам» (+ВИДЕО)
Мәскеу және Бүкіл Рустың Қасиетті Патриархы Кириллдің Православтық жастар күні мерекесіне арналған үндеуі

Қымбатты аға-әпкелер, іні-қарындастар!

Баршаңызды ұлы он екі мерекенің бірі Иеміз Иса Мәсіхпен жүздесу мерекесімен, сондай-ақ дәстүрлі түрде атап өтілетін Православтық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Моисей заңы бойынша, туғаннан кейінгі қырқыншы күні Құдайға бағыштау үшін өзінің қасиетті анасы нәресте Исаны Иерусалимдегі ғибадатханаға әкелді, ол жерде қазір есімізде қалған оқиға болды. Осылайша, Әулие Феофан Затворниктің сөздеріне сәйкес, «Симеон ән айтады, Анна пайғамбарлық етеді, Құдайдың анасы және Иосиф құрметпен ғибадат етеді, өйткені Құдай барған жерде тәтті жұмақ бар. Жаратқан Иемен кездескен және Оны қарсы алған жан кіршіксіз бақыттың дәмін татады (Иемізюен жүздесу туралы сөз).

Ал бүгінде әрбір сенуші христиандық Иеміз бір кездері бізге келіп, Онымен кездесуге мүмкіндік бергеніне қуануы керек. Біз Иемізді кездестіріп, жүректерінде сүйіспеншілікпен әрекет ететін тірі сенімді сақтауға тырысатын (Апостол Павелдың Ғалаттықтарға жазған хаты, 5-тарау, 6-тармақ), Құдай үшін өсиеттерді орындауға құлшынатын. жастарды көргенде ерекше қуанамыз.

Құтқарушының айтуы бойынша, Құдайсыз тіпті жастар да ұзақ өмірге ие болмай, тозып, жұтаң болуы мүмкін екенін есте ұстайық (Иоанн Інжілі, 10-тарау, 10-тармақ). Иемізбен кездесу рухани түрлендіреді, емдейді және мәңгі өмір сүретін Ізгі хабармен жанды нығайтады. Мәсіхке сенетін әрбір адам Құдайдың баласы әрі мәңгілік жас болады.

Бұл күні баршаңызға қажымас күш пен ұзақ өмір, жан тыныштығы мен христиандық өмір жолында Құдайдың рақымын тілеймін.

Мәсіх барлықтарыңызды қасиетті етіп, әділ Симеонның құшағында болғандай жүректеріңізге рақым нұры жаусын деп дұға етемін. (Әулие Феофан Затворник. Иемізбен жүздесу туралы сөз).

+ Кирилл,
Мәскеу және бүкіл Рустың Патриархы