
Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Рождестволық оразаның басталуына жолдауы
- 10.11.2022, 15:45
- Новости на казахском языке

Қымбатты бауырлас-архипастырлар, аса әділ әкелер, аға-інілер мен әпке-қарындастар, Қазақстан жерінің тұрғындары!
Рождество оразасының қасиетті уақыты жақындап қалды – ұлы және әлем құтқарған Христостың Рождествосы мерекесіне дайындық уақыты.
Келе жатқан оразаның ерлігі – бұл біздің Құтқарушының тәубеге келуге шақырғанына жүрегіміздің назарын аудару (Мф. 4:17), бұл сенім ісі мен махаббат еңбегі (1Фес 1:3), денеленіп жерге келген Христос үшін істелінген, бұл Аспандағы Әкенің үйіне қарай бағытталған алыс жол (Лк. 15:11-32), бұл уақыт, бізді күнәдан босатып, мәңгілікке қосады.
«Сендердің күнәларың сендердің араларыңда және Құдаймен ажыраулық тудырды» (Ис. 59:2), – деп пайғамбар Исаия зарланады. Адамдар рухани өмірлері үшін, сонымен қатар материалдық қажеттілік үшін қайғырып, өздеріне және жақындарына денсаулық және амандық-саулық тілейді, бырақ бұнымен адамға бақыттың, егер оның Құдаймен бірге болғанында келетінін ойламайды. Христостың Шіркеуі бізге қайғы-қасіреттің басты себебі – күнәларды, құмарлықтарды, кінараттарды, жаман әдеттерді жоюдың жолдарын көрсетіп, мүмкіндік береді. Жоғарыдан бізге жомартты берілгендердің бәрі құтқарылу үшін – Киелі Жазбада жазылған Құдайдың жандандыратын сөзі, әр қашанда храмдарда өткізілген Құдайға қызметтік пен қасиетті істер, әулие әкелердің жазып қалдырған кітаптары, ал ең бастысы – Тәубе ету және Құпия қабылдау құпиялары. Бұл адамның тек қайраттылығында, өз өмірін Христостың өсиеттерімен түзетіп, Құдаймен кәзір де және мәңгілікте де болуға құштарлану. Сондықтан өзінің жалқаулығын және бойкүйездігін жеңу білу маңызды. «Аспан Патшалығы күшпен жетіледі, және күш салғандар оған жетеді», – деп Құтқарушы бізді үйретеді.
Христиандардың ерініштен әлде бейберекетіліктен, өмірдің басты қайнар көзі – Құдайлы, қасиетті, аспандық және мәңгі өмірлік Құпиядан бас тартқандарын көру қайғылы. Әр Құдайлы Литургияда біз ізгі хабарлық Құпиялы кешке қатысамыз, онда Құдай Ие Өзінің ең таза Тәнін және адал және өмірберетін Қанын татуға шақырады. Евхаристия құпиясына қатысуға ықылас білдіріп, Христостың Құпиясын қабыл алуға талпыну – рухани жолдың шынайы белгісі.
Оразаның қасиетті күндері бізге, Құдай туралы, Шіркеу туралы, рухани өмір туралы білімге толтырып, діншіліктің метебі болуы тиіс. Бүгінгі күні көптеген адамдар жақсы өнегелі білім алуға, шет тілдерді үйренуге, көптеген әр түрлі кітаптарды оқуға талпынады. Зияткерлік даму адамға керек, бырақ ақыл, естілік, талант және қабілеттілік тек жердегі өмірге ғана емес, бырақ ең алдымен мәңгілікте қызмет ету керек. Ораза кезінде өзімізге ерекше еңбек алайық – Ізгі Хабарды оқуға жігерлік білдірейік, жанымызы құтқаратын кітаптарды оқиық; теледидардағы және интернеттегі мерекелік бағдарламаларды қарағаннан гөрі, әулие әкелер мен оқытушылардың үйреткендеріне көңлімізді бөлейік. «Рухани кітап бар жерде, – деп әулие Иоанн Златоуст үйретеді, – ол жерден шайтанның күші қуылады, және ол жерде тұратындар игілікке үйренеді». Әулие монах Ұлы Пименнен, оның үйренушілері, қатігезді жүректен қалай құтылуға болады, деп сұрағанда, ол: «Су өзінің қасиетімен жұмсақ, ал тас – қатты. Бырақ, тамшылап ағып, су ақырындап тасты тесе алады. Дәл солай Құдай сөзі жұмсақ, ал біздің жүрегіміз қатты; егер адам Құдай сөзін жиі естісе, оның жүрегіне аса құрмет пен тыныштық орнайды», – деді.
Рождестволық ораза бізді, Өзін: «Мен әлемге келген жарықпын, Маған сенетін әр адам қараңғыда қалмауы үшін» (Ин. 12:46), – деп куәландырған Христоспен кездесуге дайындайды. Біз православтық христиандар, Құдай сөзі бойынша, жарықтың ұлдары мен қыздарымыз (Ин. 12:36), бізге Иисус Хритоста берілген(1Кор 1:4), өзіміздің барлық өмірімізбен біздің айналамыздағы әлемді Ізгі Хабардың жарығымен және Құдайдың құт берекесімен толтыруымыз керек. Жанымыздағыларға беріктілігімізді, батылдығымызды, ұзақ төзімдігімізді және рухани тектілімізді, қайырымдылығымызды және жақындарымызға деген адал махаббаттың үлгісін көрсетуіміз керек. Апостол Павелдің айтқанын естиік: «Бір-бірлеріңнің қиындықтарыңды көтеріңдер, бұны істеп Христостың заңын орындайсыңдар» (Гал. 6:2). Үлкен және кішкене қақтығыстарды жеңу, ұрыс керіс, корлаулықты тоқтату, реніштерді кешіру Православиенің көркемдігі мен рухани күшін куәландыратын және денеленген Құдайдың уағызы болып табылады.
Бүгінгі күні әлем қыйын сынаулықтардан өтуде, адамдардың жүректері болашаққа деген қорқынышқа толы кезде, бізге Құдай Иеге қайырымдылық істерінің аса сыйын әкеліп, бірге айтқан және үйдегі дұғаларды күшейтуіміз керек. Күн сайын қайғы кешіп, қиындықта болғандар үшін Мейрімді Жаратқан Иеге дұға айтайық, Ол олардың рухани және тәндік күштеріне берік беріп, Өзінің көмегін көрсетуі үшін. Егер адам шын сенімді сақтап, Құдай Иеге үмітін артатын болса, өмірдің ешқандай қиындығы, ешқандай мәселесі оның руқын сындыра алмайтынын біз есте сақтауымыз керек. Өмірімізді Құдайдың мәңгі жарығы жарықтандыруы үшін, Вифлеемдің оттық сияқты жүрегімізді әлемге келген Өмірберуші Христосты қастерлікпен қарсы алуға дайындайық. «Бір-бірімізге назарлы болайық, махаббатқа және игі істерге көтермелеп» (Евр. 10:24).
Құдайдың батасын, Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Ананың көмегін және азап шеккендердің және куәгерлердің және барлық әулиелердің дұғалық көмегін шақырамын,
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ
АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ АЛЕКСАНДР