Преставился ко Господу заштатный клирик Усть-Каменогорской епархии протодиакон Георгий Засыпкин
Заявление Священного Синода Русской Православной Церкви о ситуации, сложившейся в Элладской Православной Церкви
Митрополит Астанайский и Казахстанский Александр освятил ночной Литургией в Вознесенском соборе Алма-Аты наступление 2023 года
В канун праздника Вознесения Господня митрополит Александр совершил всенощное бдение в Вознесенском кафедральном соборе Алма-Аты
Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысының Өскемен епархиясына сапары өтті

2022 жылдың 29-31 қазанында Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Митрополиттік аймақтағы Өскемен епархиясына сапары өтті.

Митрополит Александр епархияның екінші кафедралық қаласына және Семей қаласындағы – Абай облысының әкімшілік орталығына барды.

Оның Жоғары Қасиеттілігімен бірге сапарда: Астана епархиясының орынбасары, Талдықорған епископі Клавдиан; Алматыдағы Құдай Анасының «Қайғыланғандардың Қуанышы» иконасының құрметіндегі храмның бас дін қызметкері протоиерей Евгений Воробьев, Митрополиттік аймақтың Басшысының хатшылық қызметі әкімшілігінің жүргізушісі иерей Георгий Сидоров, митрополиттің хаттама қызметінің жүргізушісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Александр Мокий болды.

Митрополит Александрмен бірге 30 қазан күні Өскемен епархиясының басқарушысы Өскемен және Семей архиепископі Амфилохий, Талдықорған епископі Клавдиан, Өскемен және Алматы епархияларының дін қызметкерлері мерекелі Құдайлы Литургияны Семей қаласындағы Воскресенск кафедралы соборында – Шығыс Қазақстанның аспандық қорғаушысы дін қызметкері атында азап шеккен архиепископ Александр (Щукинннің) еске алу күнінде өткізді.

Сапар барысында Митрополиттік аймақтың Басшысының Абай облысы әкімі Н.Т. Уранхаевпен және Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясының бас консулы А.А. Хетагуровпен кездесуі өтті.

Митрополит Александр Семей қаласында жаңа азап шеккендер мен куәгерлердің ерлігіне арналған «Қиын қыстау жылдардағы Семей» көрмесінің ашылуына қатысты.

Архиепископ Амфилохимен бірге митрополит алдияр Семей Абалацко-Знаменск Петропавл әйелдер монастырына барып, монастырдың қасиетті жерлеріне бас иді және монастырдың бастық әйелі игумения Марионилла (Помельниковамен) және тұрғын меккеннің тұрғындарымен сұхпаттасты.

Митрополит Александр архиепископ Амфилохимен жұмыс жиналысын өткізіп, Семей діни қауымның қызметіне байланысты және дін қызметкерлерінің руғани-ағартулығын іске асыру және Воскресенск кафедралы соборының бірлестік активтерінің мәселелерін қарастырды.
Митрополиттік аймақтың Басшысы бірқатар ғылым және мәдениет өкілдерімен және қоғамдық жетекшілер мен этномәдениеттік бірлестіктермен кездесулер өткізді.