В день памяти преподобного Сергия Радонежского митрополит Астанайский и Казахстанский Александр совершил Литургию в Никольском соборе Алма-Аты
В Южной столице отметили День казачки-матери
В праздник Богоявления архиепископ Елевферий совершил Литургию и чин великого освящения воды в Никольском кафедральном соборе Чимкента
В честь 30-летия возрождения Коневского монастыря в обители высажены плодовые деревья. В мероприятии принял участие Глава Казахстанского Митрополичьего округа
Оның жоғары мәртебесіне, Қазақстан Республикасының президенті Қ-Ж. К. Тоқаевқа

Сіздің Жоғары Мәртебеңіз аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сізді шын жүректен біздің еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстанның Республика Күнімен құттықтаймын.

Бұл күні Қазақстанның жаңа тарихында – 1990 жылы Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жайында Декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздігіне басты қадам болған маңызды оқиғамен белгіленеді.

Тарихи өткен кезеңде біздің еліміз демократикалық қоғамды құруында, әлеумиеттік салада дамуында, белсенді экономикалық жүйені құруда үлкен жетістіктерге жетті. Қазақстанның азаматтары қайта өзінің жеке діни көзқарастарын ерікті ұстануға, храмдарды, мешіттерді тұрғызуына, өсіп келе жатқан ұрпақты дін жолында тәрбиелеуіне мүмкіндік алды.

Қазақстан, евразия аумағында көшбасшы болып танылған серпінді дамып келе жатқан мемлекет болды. Осы жылдары Республиканың теңгерімделгені ішкі және сыртқы саясаты мемлекеттік тұрақтылықпен нығайтып және этикааралық қарым-қатынастың үйлестірумен ұшсасты. Біздің еліміз бар әлемге өркениетаралық, дінаралық және ұлтаралық диалогтың үлгісін көрсетті. Бұның куәлігіне Қазақстанның астанасында өткен бірегей форумда теңдестігі жоқ,– Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, оны шын мәнінде де елдердің және халықтардың ғаламдық мәселелелерін шешетін нәтижелі диалогтық алаңы деп атаса болады.

Православие Шіркеуі астананың рухани және мәдениет өмірінің дамуына, дәстүрді сақтауға және өнегелік құндылықтардың қоғамда көбейуіне септігін тигізді және келешекте де тигізуге дайын.

Осы мерекелік күні адал ниетпен Сізге, аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы рухани және тәндік күш, аман-саулық және Отанымыздың игілігіне деген қызметіңізге сәттілік тілеймін.